"Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде салық реформасын кәсіпкерлермен, депутаттармен және сарапшылармен бірге егжей-тегжейлі талқылауды тапсырды", – деді Олжас Бектенов.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.
Мәселен, биылғы 10 ақпанда "Атамекен" палатасымен және кәсіпкерлермен сараланған мөлшерлемелер, арнайы салық режимдері, ҚҚС бойынша есепке қою шегі мәселелері талқыланды.
"Осы аптада өңірлерде кәсіпкерлердің, мәслихат депутаттары мен сарапшылардың қатысуымен талқылауды жалғастыру керек. Олармен "кері байланыс" орнатып, барлық ұсыныстарды ескеру қажет. Мен де Астанада және өңірге барып, бизнес өкілдерімен кездесемін. Талқылаулардың және қажетті келісу рәсімдерінің қорытындысы бойынша Салық кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобасына түзетулерді 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізу керек", – деп атап өтті Үкімет басшысы.
Бүгіннен бастап Үкімет бастамаларын өңірлердегі бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен талқылайтын алты жұмыс тобы өз жұмысын бастайды.