Омар Фраиле Бельгияда бақ сынады

1126

Кешігіп басталған Бельгиялық классикалық жарыстар маусымы біртіндеп  Арденнен Фландрияға  жол тартып, біркүндік "Стрела Брабанта" жарысы да мәресіне жетті.

Омар Фраиле Бельгияда бақ сынады

Лёвеннен басталып, 197 шақырымнан кейін Оверэйсте аяқталған жарыс жолы тастақты болды әрі тік орналасқан асулар да көп кездесті. Сайыс басталысымен бірден алты шабандоздан тұратын көшбасшы топ құрылды. Олар негізгі топтан 5 минуттай басымдылыққа ие болды. Бірақ финишке 60 шақырым қалғанда, пелотондағы алғашқы шабуылдан кейін көшбасшылардың басымдылығы бәсеңдей бастады.

Атақты Moskesstraat шыңының алдында шешуші шабуылдар орын алып, бірнеше шабандоз жаңа көшбасшы топ құрды. Астана Про Тим шабандозы Омар Фраиле де сол топқа қосылып, төрт шабандозбен бірген фавориттер тобын құрды. Бірақ өкінішке орай олар мәреге дейін жете алмады.

Нәтижесінде жарыс тағдыры спринтте шешіліп, қазіргі Әлем чемпионы Жулиан Алафилипп жеңіске жетті. Ол финиште жарысты екінші болып аяқтаған Матье ван дер Пул мен үздік үштік қатарына іліккен Бенуа Конфрудан басым түсті.

Омар Фраиле финишке алға озған топтан 28 секундтан соң кейінгі топпен бірге келіп, жарысты 23-болып аяқтады.

"Бұл өте ауыр жарыс болды. Бірақ жалпы өзімді жақсы сезінемін. Алғашқы 100 шақырым оңай болды. Алайда финалдық айналымда жақсы позицияға орналасу өте маңызды еді. Менің жанымда Евгений Гидич болды. Ол маған алдыңғы шепке шығуға көмектесті. Ал жарыс жолының ең қиын, тастақты аймағына жеткенде негізгі топтан Алафилипп пен Ван дер Пулдың шабуылға шыққанын байқадым және сол көшбасшы топқа қосылу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Осылайша мен шағын топ арасына іліктім. Біз бірге жақсы жұмыс атқардық. Бірақ соңғы 20 шақырымда бізді пелотон қуып жетті. Сол сәтте өзімді әлсіз сезінгендей болдым және Алафилипптің келесі шабуылына жауап бере алмадым. Із кесушілер тобында да барымды салдым. Бірақ бұл жеңіс тұғырына шығу үшін немесе үздік ондық қатарына ілігу үшін аздық етті", - деді фиништен соң Омар Фраиле.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу