Омар Фраиле екінші орында

1474

Виртуалды форматта өтіп жатқан "Джиро д’Италия-2020" көпкүндігінде "Астана Про Тим" велокомандасының шабандозы Омар Фраиле жүлделі орынға ие болды.  

Омар Фраиле екінші орында

Коронавирус пандемиясына байланысты виртуалды форматта өтіп жатқан атақты "Джиро д’Италия-2020" суперкөпкүндігінің екінші айналымында қазақстандық велокоманданың шабандозы Омар Фраиле 2-нәтиже көрсетті. "Астана Про Тимнің" тағы бір велесебедшісі канадалық Уго Уль 6-орынға тұрақтады. Жарыс қорытындысы бойынша "Аndroni giocattoli Sidermec" командасының өкілі Маттео Спреафико үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынды жеңіп алды.

Бұл виртуалды "Джиро д’Италия-2020" жарысындағы "Астана Про Тим" өкілдерінің екінші мәрте сәтті өнер көрсетуі. Бұған дейін 1-айналымда Қазақстан чемпионы Алексей Луценко үздік нәтиже көрсеткен болатын. Екінші кезеңнің жарыс бағыты нағыз "Джиро д’Италия-2020" көпкүндігінің 12-кезеңінің негізінде құрасытырылған. Кәсіби велошабандоздар компьютерлік симуляторда барлығы 32,7 шақырымды жүріп өтті.

Естеріңізге сала кетсек, виртуалды "Джиро" 18-сәуір күні басталған. Жеті кезеңнен тұратын веложарыс 10-мамыр күні мәресіне жетпек.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу