Омар Сатаев Азия чемпионатының финалына шықты

406

Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін 5 спортшымыз сынға түсті. 

Омар Сатаев Азия чемпионатының финалына шықты Фото: optimism.kz

Грек-рим күресінен 82 кг дейінгі салмақтағы Омар Сатаев Аммандағы Азия чемпионатында Босён Канды (Оңтүстік Корея) мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға өтті. Ал, жартылай финалда жапониялық Иошиданы тізе бүктіріп, әлем чемпионатының алтынына таласатын болды.

Өкінішке қарай, Ілияс Гучигов (97 кг) Үндістан өкілі Нитешке есе жіберді.

Сондай-ақ Азия чемпионатының екінші жарыс күні сайысқа түскен Қабдыл Бақытжан (60 кг) жапониялық Кайто Инабеге мерзімінен бұрын 0:9 есебімен жеңілді.

Мейіржан Шермаханбет (67 кг) оңтүстіккореялық Минсонг Квонға есе жіберді – 5:11

Әділхан Сатаев (72 кг) қырғызстандық Ырыскелді Хамзаевқа жол берді – 7:11

Осылайша, бүгін бозкілемге шыққан 5 балуанымыздың біреуі ғана жүлдеге таласатын болды. Жалпы есепте Қазақстан құрамасының қоржынында 1 күміс, 2 қола медаль бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу