Өмірзақ Шөкеев елдегі банктердің жұмысына шағымданды

5305

Республикамыздағы екінші деңгейлі  банктер Түркістан қаласынан филиал ашып, халықпен жұмыс істеуден бас тартып отыр.

Өмірзақ Шөкеев елдегі банктердің жұмысына шағымданды

Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы мәлімдеді.

Бүгінде "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын жүзеге асыруда республикамыздағы аймақтар арасында Түркістан облысы көш бастап келеді екен. Күні бүгінге дейін өңірде 75 млрд теңгеге 233 жоба жиналған.

"Оның ішінде  9 миллиард 129 миллион теңгеге 6 жоба мақұлданған. Бұл маңызды жоба болғандықтан, біз жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ, мынау екінші деңгейлі банктер Түркістанға барып, кәсіпкерлермен жұмыс істеуі керек. Филиал ашу керек. Біз оларды жинадық, сөйлестік. Біреуі де ашпай, бәрі қазір бас тартып отыр", – дейді Өмірзақ Шөкеев.

Бүгінде тек "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ғана Түркістаннан филиал ашып жатыр екен. Сондықтан Өмірзақ Естайұлы Үкімет басшысына қалған банктер тым болмағанда Шымкенттегі кеңселерінен Түркістан облысына арнайы кредит офицерлерін  белгілеп, облыс әкімдігі тарапынан арнайы топ құрып жұмыс жүргізуді ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл өнеркәсіпті дамтыу мақсатында Елбасының бастамасымен мемлекет тарапынан 600 млрд теңге бөлінген болатын. Бүгінде атқарушы билік сол бағдарламаны бекітіп, жүзеге асыруға кірісіп кетті.

 Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу