Өндіруден залалсыздандыруға дейін

Артур Мискарян Артур Мискарян
12164

2016 жыл елдегі автодилердің әуесқой автомобильшілері үшін несімен есте қалды? Жеңілдік, электромобиль және залалсыздандыру...

Өндіруден залалсыздандыруға дейін

2016 жыл еліміздің әуесқой автомобильшілері үшін залалсыздандыру жинағын енгізу туралы жаңалықпен басталды. Үкімет өндірушілердің кеңейтілген міндетті ережесін мақұлдады. Көлік құралдарын импорттаушылар, елде автокөлік шығаратындар және шетелден автокөлік әкелетіндер ережеге сәйкес залалсыздандыру жинағын төлеуі керек. Оның базалық мөлшерлемесі – 50 АЕК. Мөлшерлеме автокөлік категориясына байланысты коэффицентке қарай өзгереді. Үкімет залалсыздандыру жинағын енгізуді елдегі автопарктердің ескіруімен және қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін миллиондаған ескі автокөлікті залалсыздандыру керектігімен түсіндірді.

Сонымен бірге 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап автокөлікті алғашқы тіркеуден өткізу қымбаттады. Мысалы, бір жылға дейінгі жеңіл көлікті тіркеу – 0,25 АЕК, ал үш жыл жүрген көлік – 502 АЕК, үш жылдан артық жүрген көлік – 500 АЕК болды. Мөлшерлеме көлемі автокөліктің қандай жанармаймен жүретіндігіне, құрылысына байланысты емес. Заңда бұған қатысты еш жеңілдік қарастырылмаған.

Ақпан айында автодилерлер қиындықтар туралы сөз қозғай бастады. Автодилерлер мен салалық қауымдастық қаңтар айында сауданың төмендегенін айтады.

Автокөліктердің сатылуы 2015 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 45,68%-ға, ал 2015 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 55,25%-ға түскен.

Осыдан кейін АвтоВАЗ, Ford Sollers және Камаз біздің елге автокөлік жеткізуді тоқтатты. Бірақ олар сауданың төмендегенін емес, автокөлік әкелген кездегі мемлекеттік баждың қымбат болатынын сылтауратты.

Қазақстан автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) президенті Андрей Лаврентьевтің айтуынша, бұл жағдай елдегі автокөлік өндірісінің дамуына, сонымен қатар өндірістік қуаттылық пен жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Автодилерлер саудасы ақпан айымен салыстырғанда наурыз айында 2,4%-ға өскен. ҚазАвтоӨнеркәсіп пен ҚАБҚ сауданың өсуі жеңілдетілген несие берудің нәтижесінде болып отыр. Осы кезде екінші деңгейлі банктер 17 млрд 723,9 млн теңге 5359 несие берген.

Наурыз айында АвтоВАЗ компаниясының президенті болған Николя Мор Өскемен қаласында салынып жатқан зауытты көруге келген премьер-министрмен кездесті. Кездесу барысында Николя Мор салынып жатқан зауыттың толық циклды қуаты елде жасалған көліктерді ТМД елдерінің барлық жеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік беретінін айтты. 2018 жылдың 3-тоқсанында іске қосылатын зауытта 4 мың жұмыс орны ашылады деп болжанып отыр. Сонымен бірге зауыт екі кезеңде іске қосылады. KIA автокөліктері жасалатын Азия Авто зауыты электромобиль шығаруға дайын.

"Азия Авто" АҚ президенті Ерік Сағымбаев: "KIASoul EV сынақ партиясын шығаруға, сериялық өндіріске және коммерциялық саудаға бірден көшеді деп ойлаған жоқпыз. Біз тек осы автокөліктерді жасау мен пайдалану мүмкіндігін инженерлік тұрғыдан тексеріп көргіміз келді. Бұл міндет ойдағыдай орындалды", – дейді.

Шілде айында Ресейден Қытайға бет алған "Жібек жолы" халықаралық раллиінің Қостанай-Астана-Балқаш-Алматы бағытындағы кезеңі өтті. Қазақстан жерімен раллиден әлем чемпиондары Себастьян Лёб, Стефан Петрансель және Сириль Депре жүріп өтті. 
Қазан айында Қостанайдағы Сарыарқа Авто Өнеркәсіп зауытында электромобильдердің сынақ партиясы шығарылды.

Қараша айында 10 айдың қорытындысын шығарған ел дилерлері былтырғы жылмен салыстырғанда сауданың 15,4%-ға өскенін айтады. Осы кезден бастап дилерлер трейд-ин бойынша жұмыс істей бастады. ҚАБҚ президенті Андрей Лаврентьев нарықтағы жағдайдың тұрақталғанын айтты.

"Жалпы нарық тұрақталды деп есептейміз. Жылдың ортасынан бастап сауданың түскенін байқап отырғанымыз жоқ. Нарықтың ең қиын кезінен өттік деп есептеймін. Нарық құрылымындағы ел өндірісі екі есеге өсті. Келесі жылы 55 мың көлік сатамыз деп жоспарлап отырмыз", – дейді ол.

Андрей Лаврентьевтің айтуынша, ел автодилерлерінің трейд-ин қызметін іске қосқаны келешекке жасаған инвестициясы деп түсіндірді.

ҚДБ жыл бойына жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша алуға болатын отандық автокөліктердің лимиттік құнын көтерді. Нарықта орташа көлемдегі KIA кроссоверін жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша 4%-ға несиеге алуға болатындай мүмкіндік туындады. Бұл шетелдік автокөліктің сатылуына кедергі келтіріп, ақыр соңында Toyota және Hyundai дилерлері Еуразиский банкпен серіктесіп, өздерінің несиелендіру бағдарламасын іске қосты. Соның нәтижесінде олар да 4%-бен несие бере бастады. 
Сонымен бірге қараша айында автокөлікті залалсыздандырудың сынақ бағдарламасы басталды. 27 желтоқсанда жарияланған мәлімет бойынша, жинақ бекетіне 4774 автокөлік қабылданды. Ең көп көлік өткізген қала Шымкент (661), Қостанай (627) және Ақтөбе (412).

2016 жылдың соңында Өскемендегі Азия Авто зауыты өндірісінің кеңеюі басты жаңалық болды. Олар 9 желтоқсанда Лада Веста, Ларгус, лифтбек Гранта және XRay шағын кроссоверін шығара бастады. Алайда кейін Азия Авто зауыты бірқатар модельді шығармайтыны белгілі болды.

Жылдың аяқталуына үш күн қалғанда енді көлік жүргізушілерін таяқсыз полицейлер тоқтататыны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу