Өңір тіршілігі қайта жанданады

1000

Жезқазған қаласы мәслихатының депутаттығына үміткер  Арман Кенжебек  "Nur Otan"  партиясы Жезқазған қалалық филиалының "Фейсбук" әлеуметтік желісінде тікелей эфир ұйымдастырып, жетекші партияның 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасын кеңінен таныстырды. 

Өңір тіршілігі қайта жанданады

Барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, көптен қордаланған түйткілді мәселерін оңтайлы шешу жолдарын қарастырған, сонымен қатар, алдағы кезеңдерде атқарылуға тиіс бірқатар жаңа жобалар жоспары мен дамудың бағыт-бағдары әзірленген бағдарлама ел тұрғындары үшін пайдалы екені анық. Бастысы – аталған бағдарламада халықтың пікірі ескерілген. 

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген партия бағдарламасы көптің көңілінен шығатынына сенімім мол. "Партия жұмысының оң коэффициенті азаматтарымыздың өмірін жақсартатын нақты шешімдерге байланысты болмақ. Бос сөз бен құрғақ уәде емес, нақты әрекет қана халық сеніміне және саяси көшбасшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан партия мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуды мықтап қолға алады.  Бұл стратегиялық сипаттағы міндет. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі лауазымды қызмет атақаратын партия мүшелері еңбекқорлықтың, саяси жауапкершілік пен азаматтық патриотизмнің айқын үлгісі болуға міндетті. Партиямыздың мүшелері болашақта да осы үдеден табыларына күмән келтірмеймін" деп партия бағдарламасына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз қолдауын білдірген болатын.  "Nur Otan"  партиясы тұғырнама негізінде әрбір аймақтың қажеттілін де естен шығармай, аймақтық сайлауалды бағдарламаны да жүзеге асырмақ. Бұл – жезқазғандықтар үшін таптырмас мүмкіндік, – деген Арман Кенжебек әрдайым тұрғындар мүддесі үшін қызмет етуге әзір екенін жеткізді.

Жезқазған қаласында "Экономикалық тұрақты қала", "Жайлы қала", "Әлеуметтік бағдарланған қала", "Жастарға арналған қала", "Тарих пен мәдениетті дамыту", "Ашық және есеп беретін жергілікті органдар", "Қауіпсіз қала" атты дамудың жеті басым бағыты бойынша әзірленген сайлауалды бағдарламаның негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау.

Соның аясында "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасы жүзеге аспақ. Бұл бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің 45 жаңа жобасына, "Еңбек" бағдарламасы бойынша кемінде 30 жобаға, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы арқылы кемінде 5 жобаға жыл сайын қаржылық қолдау көрсету жоспарланған. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауыз су тапшылығын жою, экологиялық жағдайды жақсартып, ішкі туризмді дамыту, аймақ медицинасына қажетті мамандарды көптеп тарту және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері  көтерілген бағдарламада қала тұрғындарының алаңсыз өмір сүруіне қажетті барлық жағдайлар қарастырылғаны көңіл қуантпай қоймайды. 

"Nur Otan" партиясы Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сайлау қорынан төленді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу