Оңтүстік Корея емтихан кезінде ЖИ көмегін қолдануға тосқауыл қоймақ

277

Себебі, салық емтиханының үздігі ЖИ қолданғанын мойындады.

Оңтүстік Корея емтихан кезінде ЖИ көмегін қолдануға тосқауыл қоймақ Фото: koreajoongangdaily.com

Оңтүстік Корея премьер-министрі Хан Сон Сук елдегі жоғары оқу орындарына түсуге арналған жалпыұлттық емтиханда жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен көшірудің алдын алу үшін барлық мүмкіндікті пайдалануға уәде берді. Бұл туралы Yonhap басылымы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қауіпсіздік шараларын күшейтуге салық кеңесшісі біліктілік емтиханында ең жоғары балл жинаған қатысушының ЖИ қолданғанын мойындауы себеп болып отыр. 

Ер адам емтиханның екі кезеңінде шағын камера, смартфон және генеративті жасанды интеллект пайдаланғанын мойындады. Бірінші кезеңде ол 160 сұрақтың 159-ына дұрыс жауап беріп, 400 балдың 397,5 балын жинаған.

Сәуір мен шілдеде өткен біліктілік емтиханының 2 кезеңінде де бірінші орын алған Хан адвокаты арқылы тест кезінде жауаптарды алу үшін жасанды интеллект қолданғанын мойындады. Ол емтихан сұрақтарын микроскопиялық камерамен суретке түсіріп, оларды жасанды интеллект құралына жіберіп, жауаптарды смартфоннан тексеріп алдағанын айтты.

Сондай-ақ осыған ұқсас әдісті аудитор біліктілігіне арналған емтихан кезінде де қолданғанын айтқан. Бұл оқиға билікті алаңдатып қойды. Өйткені мұндай тәсілмен көшіру басқа емтихандарда да кеңінен таралуы мүмкін. Осыған байланысты Оңтүстік Корея үкіметі 19 қарашада өтетін жалпыұлттық емтиханда заң бұзушылықтардың алдын алу шараларын әзірлеп, жүзеге асыру үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құрады.

Бұдан бөлек, премьер-министр емтихан өтетін орындарда қоғамдық Wi-Fi желілерін өшіру мүмкіндігін қарастыруды және қатысушыларда электрондық құрылғылардың бар-жоғын мұқият тексеруді тапсырды.

Хан Сон Суктың айтуынша, жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы жағдайында емтихан барысын бақылаудың дәстүрлі тәсілдері тиімсіз бола бастаған.

Сондай-ақ билік заң бұзушылықтарды анықтайтын жаңа техникалық құралдарды, соның ішінде жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы әзірлеуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу