Оңтүстік Корея Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

227

Бұл туралы Оңтүстік Корея басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Оңтүстік Корея Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты Фото: AP Photo / Ahn Young-joon

Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мён Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қылмыстық топ мүшелерін ұстау және оларды отанына жедел қайтару ісіндегі ынтымақтастық үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Камбоджа мен Вьетнам арқылы Қазақстанға жасырын кіріп, біздің азаматтарымызға қарсы телефон алаяқтығын жасаған Корея Республикасының ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жергілікті жерде ұсталғаннан кейін 2 апта өткен соң толықтай елге қайтарылып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді ол.

Ол Корея Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі мен бейбіт өміріне қатер төндіретін қылмысқа қарсы ешқандай ерекшелік жасалмайтынын айтты.

– Ұстау шарасынан бастап елге жеткізуге дейінгі жұмыстың жедел атқарылуы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің белсенді қолдауы мен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға және тиісті тараптарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Келесі айда өтетін "Корея Республикасы – Орталық Азия" саммитінде тікелей жүздесіп, алғысымызды жеке жеткізуге мүмкіндік болады деп сенеміз. Корея Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі мен бейбіт өміріне қатер төндіретін қылмыстарға қарсы ешқандай ерекшелік жасалмайды. Қай жерде жасырынса да, оларды соңына дейін іздеп тауып, міндетті түрде заң алдында жауапқа тартамыз, – деп жазды Ли Чжэ Мён.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу