Оңтүстік Корея Украинадағы елшісін кері қайтарады

488

Оңтүстік Кореяның СІМ мәлімдемесінде Сеул Киевпен арадағы келіспеушіліктерді мүмкіндігінше тезірек реттеуге үміттенетінін атап өтті. 

Оңтүстік Корея Украинадағы елшісін кері қайтарады Фото: ratel.kz

Оңтүстік Корея құпия келісімнің бұзылуына байланысты Украинадағы елшісін кері шақырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Оңтүстік Корея Украинадағы елшісін қайтарып алу туралы шешім қабылдады. Бұған Ресей-Украина соғысында тұтқынға түскен Солтүстік Кореяның екі әскери қызметшісін Сеулге тапсыру туралы ақпараттың жарияланып кетуі себеп болды. Сеулдің хабарлауынша, Киев осы қадам арқылы құпиялылық туралы келісімді бұзған.

Yonhap агенттігінің жазуынша, бұл туралы Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде айтылған. Ресми Сеул бұл келіспеушілікті мүмкіндігінше тезірек реттеуге үміттенетінін және Украинамен дипломатиялық байланысты жалғастыратынын атап өтті.

23 қыркүйек күні Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде соғыста тұтқынға түскен Солтүстік Кореяның екі сарбазы 2025 жылдың басында Оңтүстік Кореяға жіберілгенін мәлімдеді. Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён Зеленскийдің бұл мәлімдемесі екі ел арасындағы құпиялылық келісімін бұзғанын айтты. Ал Киев мұндай келісімнің мүлдем болмағанын алға тартты. Кейін Оңтүстік Корея басшысы әкімшілігінің қоғаммен байланыс жөніндегі хатшысы Сон Ги Хон Украинаның бұл теріске шығаруын "шындыққа жанаспайды" деп атады.

Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Чо Хён Украина СІМ басшысы Андрей Сибигамен байланыста екенін және Сеулдің бұл жағдайға өте қатты алаңдаулы екенін жеткізгенін айтты. Корея Украинаға қатысты "қатаң шаралар" қолдануды жоспарлап отыр. Қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі – Киевтегі елшіні кері шақырып алу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу