Оңтүстік Кореяда Дональд Трамп ақыры Си Цзиньпинмен кездесті

Аталған кездесу АҚШ пен Қытай секілді алып екі державаның қарым-қатынасын жақсарта түседі деп болжанған. 

Оңтүстік Кореяда Дональд Трамп ақыры Си Цзиньпинмен кездесті Фото: © AP Photo / Mark Schiefelbein

Си Цзиньпин мен Дональд Трамптың кездесуі Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ҚХР төрағасы бұл жерге Америка көшбасшысынан бұрын Азия – Тынық Мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитіне қатысу үшін келген болатын. 

CBS News басылымының жазуынша, Трамп өзінің қысқа үндеуінде Си Цзиньпинмен қарым-қатынасы жақсы екенін айтқан. 

– Мен бүгінгі кездесуіміздің сәтті болатынына күмән туғызбаймын. Десе де, ол – өте қатаң келіссөз жүргізуші. Бұл, әрине, жақсы емес, – деді ол. 

Қытай көшбасшысымен кездеспес бұрын Трамп "мен үшін досыммен кездесу – үлкен мәртебе" деген мәлімдеме жасаған. 

– Төраға Си – ұлы елдің ұлы көшбасшысы. Біздің арамызда ұзақ жылдар бойы керемет қарым-қатынас болады, – деп ағынан жарылды АҚШ президенті.

Өз кезегінде Си Цзиньпин "мен де сізбен жүздескеніме қуаныштымын" деп айтқан. Сонымен қатар, Қытай көшбашысы биыл өзінің Трамппен 3 рет телефон арқылы сөйлескенін, бірнеше рет хат алмасып, екеуара байланысын жақсарта түскенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу