Оңтүстікте баспанаға мұқтаж 10 отбасы үйлі болды

Нағашбек Алданов Нағашбек Алданов
10606

Түркістан облысында қайырымдылық акцияларын өткізуде жағдайы жақсы азаматтардың белсенділігі зор.

Оңтүстікте баспанаға мұқтаж 10 отбасы үйлі болды

Жергілікті кәсіпкерлер, сыртта жүрген жерлестер және мектеп түлектері қайырымдылық жасап, тұрмысы төмен көпбалалы баспанасыз отбасыларға үй салып беріп жатыр.

Мысалы, жақында ғана ауыл мектебінің бұрынғы түлектері жиылып, бір отбасыға үй тұрғызып және жиһаз әперген қайырымды істер Отырар, Созақ аудандарында болды. Ал Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының тұрғындары жыл сайын бірнеше отбасыға асарлатып үй салып беруді дәстүрге айналдырған.

Аймақтағы өзгелерге үлгі боларлық қайырымды кәсіпкердің бірі Сырым Ертаев. Кәсіпкер мұқтаж жерлестеріне қол ұшын беріп көмектесуді өзінің азаматтық парызы санап, бірнеше жылдан бері демеушілік әрекетін ұлғайтып келеді. Ол аудандағы тұрмысы төмен 500 отбасыға бес миллион теңгенің көлемінде азық-түлікті сыйға тартқан.

Сырым Ертаев соңғы екі-үш жылда баспанаға мұқтаж он отбасыға өз есебінен он үй салып берді. Мұндай бақытқа кенелген отбасыларды айтсақ, Қазығұрт ауданындағы екі алтынтөбелік, үш қарабаулық, екі жаңабазарлық, бір жігергендік және екі қазығұрттық көпбалалы мұқтаж жанұялар баспаналы болды. 

Нағашбек Алданов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу