Оралда кеме қағып кеткен әйелдің өлімі тергеліп жатыр

3061

Оның туыстары мен сараптамаға алынған қайық иелері тергеу барысына наразы.  

Оралда кеме қағып кеткен әйелдің өлімі тергеліп жатыр

БҚО-да Шаған өзенінде моторлы қайық қағып кеткен әйелдің өлімі жөнінде бұған дейін жазылған болатын. Өкінішке қарай, 40 жастағы Е.Ананьеваның денесінің жұлынып кеткен бөліктері ақыры табылмағандықтан, солай жерлеуге тура келген. Қазіргі күні тергеу амалдары жүргізілуде.

Алайда, полиция тергеу барысында сараптама жүргізуге алған кемелердің иелері наразылық білдіруде. Олардың айтуынша, бір жарым ай бойына оларға тиеселі жүзу құралдарын тәртіп сақшылары негізсіз ұстап отыр. Бірінішіден, қайғылы жағдай болған кезде олардың көпшілігі басқа жерде жүзіп жүрген; екіншіден, сараптама бір ай ішінде жасалуы тиіс болған.

"Осылайша, жаз мезгілі түгелдей өтіп кететін түрі бар. Ал тергеу үздіксіз созылып жатыр. Мен оқиға болған кезде сол жерде жүрген бір қайықты көргенімді айтқанмын, бірақ, одан бері де айға жуық уақыт өтті, мені жауап алуға бір де бір рет шақырған жоқ", – дейді Валерия Жукалина.

Қылмыстық іс бойынша сараптама жасау үшін барлығы жеті қайық алынған. Жукалинаның айтуынша, оның екеуінің көлемі кішкентай, көзі танитын адам олардың суда кісі қағып кетуі мүлкін еместігін бірден аңғарады; тағы біреуі ауға әбден шырмалып қалған, яғни көптен бері жүзбегені көрініп-ақ тұр. Бұдан бөлек, оларды сақтауда ешқандай техника талаптары сақталып отырған жоқ. Кемелер ішіне құйылып қойған жанар-жағармайларымен бірге күн түсіп тұрған, құрғақ жерге әкеліп қойылған. Оның үстіне, әйел кеменің винтіне оралып қаза тапқасын, су көліктерінің мұндай тетіктерін түгел бұрап шешіп алыпты. Кемелері жарамсыз болып қала ма деп те қорыққан олардың қожайындары жақын арада мүліктері қайтарылмаған жағдайда ҚРО Ішкі істер министрлігіне шағымданбақ ниетте.

БҚО полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы  Николай Коломоцкий түсіндіргендей, сараптаманың созылып кетуіне оның қайда жасалатыны анықталмағаны себеп болып отыр. Егер ол Оралда емес, басқа өңірде жасалатын болса тағы да қосымша уақыт алуы мүмкін.

Сонымен бірге, Е.Ананьеваның туыстары да БАҚ арқылы тергеу барысына риза еместігін бірнеше рет мәлімдеген еді. Белгілі болғандай, Екатерина суға түскенде алысқа жүзбеген және жанында құрбысы болған. Куәгердің айтуымен және өздері де болған жайды зерттеп көрген марқұмның жақындары кеменің "Yamaha" фирмасының қара маторы орнатылған ақ түсті екенін, алдында әйнегі болғанын болғанын анықтаған. Оралда мұндай 150 ат күші бар мықты мотор төрт кемеде ғана бар екендігін полиция да жасырмаған. Соған қарамастан, кінәлілер әлі күнге анықталмауда.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу