Оразалы Сәбден: Енді Смайыловқа бұдан артық шанс берілмейді

1545

Экономика ғылымдарының докторы, саяси және қоғам қайраткері Оразалы Сәбден "Atameken Business" телеарнасындағы "Түскі формат" бағдарламасында жаңа Үкіметтің жасақталуына қатысты пікір білдірді. 

Оразалы Сәбден: Енді Смайыловқа бұдан артық шанс берілмейді Фото: Abai.kz

Оның айтуынша, бүгінде елімізде байлар мен кедейлер арасы алшақтап кеткен.

Осыған байланысты Оразалы Сәбден келетін жаңа министрлер кабинеті атқаруы тиіс негізгі шараларға тоқталды. 

"Ең әуелі экономиканы әртараптандыру керек. Олай жасамай, өндіріске мән бермей, шикізат елі болып қалдық. Содан  кейін инвестиция тарту мәселесін қарастыруы тиіс. Шетелден инвестиция алмасақ, тағы да қиын. Себебі әлеуметтік салаға беретін ақша өте үлкен. Әлеуметтік саланың өзін инновациялау керек. Қазір өндірісті күшейтіп, экономиканы әртараптандырып, өнеркәсіптің құрылымын өзгерту керек. Қайта өңдеу өндірісіне мән беру қажет", - деді спикер.

Бұдан бөлек технологиялық даму туралы жеке мемлекеттік бағдарлама болу керек, деді экономика ғылымдарының докторы.

"Атқарушы органға кәсібилер келу керек. Қазір өтпелі кезең. Ішкі жағдайымыз да, сыртқы жағдайымыз да қиын. 1-2 жыл отырып кетемін деген министрлікті, үкіметті қою керек. Әлихан Смайылов мырзаны қойды ма – бұл мәселеде біз енді басқа ештеңе істей алмаймыз. Енді Смайыловқа бұдан артық шанс берілмейді. Сондықтан осы жолы мүмкіндікті пайдалануы керек. Премьер-Министрге кімді апарып қойса да, қазір оңай емес. Бірақ бір адамға тоқтау керек. Үкімет басшысының өзі үш айда бір рет халық алдында есеп беру қажет", - деді саяси және қоғам қайраткері.

Оразалы Сәбден жыл сайын үкіметті ауыстырып отыру тиімсіз екенін атап өтті.  

Бұдан бөлек ол жергілікті жерлердегі атқамінерлердің жұмысын да сынға алды. 

"Аймақтарда әкімдер тек бюджетті пайдаланудан басқа ештеңемен айналыспай отыр. Әкімдер экономиканы да, экономияны да білмейді", - деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу