Оразбек Асылқұлов алғаш рет Азия чемпионы атанды

162

Отандасымыз финалда үндістандық Сачин Сачинпен қолғап түйістірді. 

Оразбек Асылқұлов алғаш рет Азия чемпионы атанды Фото: ҰОК

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі) сынға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оразбек алғашқы минуттан қарсыласына қысым жасап, соңғы раундта жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 3:2.

Бұған дейін қазақстандық боксшы іріктеу кезеңінде филиппиндік Пол Джулифер Басконды жеңсе, ширек финалда жапониялық Шунсуке Китамото бас тартуына байланысты жарыстың келесі сатысына өтті. Жартылай финалда ол өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновты қапы қалдырып кетті.

Оразбек Асылқұлов IBA нұсқасы бойынша 2025 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 

Енді ел құрамасынан 5-жұпта Төрехан Сабырхан (70 келі) иорданиялық Зейад Ишаиш, 6-жұпта Сабыржан Аққалықов (75 келі) өзбекстандық Жавохир Абдурахимов, 8-жұпта Нұрбек Оралбай (85 келі) өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ 10-жұпта Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) қытайлық Данабек Байкенжемен кездеседі.

Айта кетсек, 9 сәуірде еліміздің әйелдер құрамасы құрлықтық додада 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу