Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатын жеңіспен бастады

122

Оразбек Асылқұлов қарсыласын 5:0 есебімен жеңді. 

Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатын жеңіспен бастады Фото: prosports.kz

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жарысты бастады.

60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов алғашқы жекпе-жегінде Филиппин спортшысы Пол Джулифер Басконмен кездесті.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы дәл соққыларымен басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстан атынан биыл Азия чемпионатында 20 боксшы сынға түсуде. Олардың арасында үш боксшымыз – Жазира Орақбаева, Элина Базарова, Римма Волосенко жарыс жолын аяқтады. Ал төрт боксшымыз бәсекені бірден жартылай финалдан бастап, кем дегенде қола медаль алатын болды. 

2 сәуір 1/8 финалда қазақстандық былғары қолғап шеберлерінен 65 келіде Ертуған Зейнулинов Тайпей өкілі Ю Линмен кездеседі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу