Оразбек Асылқұлов қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға шықты

368

Отандасымыз ширек финалда таиландтық Пануват Чожан-Атпен жұдырықтасты. 

Оразбек Асылқұлов қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға шықты Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының ширек финалында қарсыласынан айқын басымдықпен ұтты,деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасының боксшысы Оразбек Асылқұлов Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда таиландтық Пануват Чожан-Атпен жұдырықтасты. 57 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақ боксшысы төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. 

Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде малайзиялық Зулхайлан Мохамадты екінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу