"Ордабасы" 2026 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды

487

7 қарашада футболдан Қазақстан кубогы финалында "Қайсар" (Қызылорда) – "Ордабасы" (Шымкент) командалары кездесті.

"Ордабасы" 2026 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды Фото: @ordabasyfc

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы Қазақстан кубогының финалында Қызылорданың "Қайсар" командасын ірі есеппен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан қаласындағы "Түркістан Арена" стадионында өткен шешуші кездесу 4:1 есебімен аяқталды.

Матчтағы есепті 7-минутта Сұлтанбек Астанов ашты. Ал 41-минутта норвегиялық Бьорн Йонсен "Ордабасының" басымдығын еселей түсті. Екінші таймда шымкенттік команда шабуылын үдетіп, 60-минутта ганалық Давид Абагна үшінші голды соқты. Араға 11 минут салып, Эльхан Астанов есепті 4:0-ге жеткізді.

Кездесудің 84-минутында "Қайсар" сапынан португалиялық Агостиньо Азеведо бір гол соқты. Алайда бұл қызылордалық команданы жеңілістен құтқара алмады.

Осылайша, "Ордабасы" биылғы маусымда алтын дубль жасап, Қазақстан Премьер-лигасындағы чемпиондық атағына Қазақстан кубогының жеңісін қосты.

Ал Талғат Байсуфинов шәкірттері үшін маусым сәтсіз аяқталды. Қызылордалық клуб чемпионат кестесінде соңғы орын алып, келесі маусымда Бірінші лигада өнер көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу