Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы құрамын тәжірибелі легионермен толықтырды. Команда бразилиялық вингер Лео Нательмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады.
29 жастағы футболшының толық аты-жөні - Леонардо Натель Виейра. Ол 1997 жылдың 14 наурызында дүниеге келген. Өз мансабында түрлі елдерде өнер көрсетіп, халықаралық тәжірибе жинақтаған ойыншылардың бірі.
Лео Натель футболдағы алғашқы қадамдарын Португалияның әйгілі "Бенфика" клубының академиясында бастаған. Кәсіби деңгейде Бразилияның "Сан-Паулу", "Форталеза", "Коринтианс" және "Новуризонтино" клубтарының намысын қорғады.
Сонымен қатар, ол Кипр чемпионатында "АПОЭЛ"," АЕЛ Лимасол" және Пафос" командаларында ойнаса, Аустралияда "Мельбурн Сити" сапында өнер көрсетті.
Алаңдағы негізгі позициясы - вингер. Ол әсіресе жылдамдығымен, дриблинг қабілетімен ерекшеленеді. Қажет болған жағдайда оң қапталда және орталық шабуылда да ойнай алады.