Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өткен матчта "Ордабасы" Грузияның "Торпедо" командасын қабылдады. Ойынның алғашқы минуттары терезесі тең ойын байқалса, кейіннен алаң иелері Кутаиси қаласынан келген қонақтарды айып алаңдарының ішіне тықсырды. Қаптал арқылы көптеген пастар шығарып, 8 мәрте бұрыштама жасаған алаң иелері тек екінші таймның бел ортасында ғана гол соқты. Ал грузиялық команда бұл матчта ешқандай да дәл соққы жасамады. Тіпті, бұрыштама добын да көтермей кетті. Сары қағаз бойынша есеп 2-2.
Матчтағы жалғыз голдың авторы қорғаушы Темірлан Ерланов. Енді араға тура бір апта салып "Ордабасы" Кутаиси қаласындағы Рамаз Шенгелия атындағы стадионда жауапты ойын өткізеді.
"Ордабасы" - "Торпедо" (Кутаиси, Грузия) - 1:0
Гол: Темірлан Ерланов 67;
Ермұхамед МӘУЛЕН