"Ордабасы" футбол клубына жаңа президент тағайындалды

121

Ордабасы футбол клубының президенті қызметіне Дархан Еркінұлы Қызайбаев тағайындалды.  

"Ордабасы" футбол клубына жаңа президент тағайындалды Фото: kazfootball.kz

Дархан Қызайбаев 1990 жылғы 3 наурызда Алматы облысында дүниеге келген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

2009–2014 жылдары АҚШ-та білім алып, Penn State University университетін "Экономика және халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдаған.

Еңбек жолында коммерциялық және өндірістік секторларда басшылық қызметтер атқарып, стратегиялық даму, инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттарына жетекшілік еткен. Сонымен қатар әр жылдары бірқатар ірі өндірістік және халықаралық компаниялардың басқару органдарына мүше болған. 2016 жылдан бері коммерциялық және өндірістік ұйымдарда басқарушы лауазымдарда жұмыс істеп келеді.

Айта кетейік, бұған дейін "Ордабасы" футбол клубының президенті қызметін Асхат Сейсембек атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу