Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы 26 жастағы камерундық қорғаушы Ги-Марселин Киламамен келісімшартқа қол қойылғанын ресми түрде жариялады.
Килама Францияның "Ньор" клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2018 жылы Францияның Лига 2 чемпионатында бастаған. 2018-2023 жылдар аралығында "Ньор" сапында 110 матч өткізген.
Сондай-ақ ол Түркияның "Хатайспор" клубында өнер көрсетіп, 81 ойынға қатысқан.
2024 жылы Килама Камерун ұлттық құрамасы сапында Африка кубогының іріктеу кезеңінде дебют жасап, 5 матч өткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу