"Ордабасы" Қазақстан кубогының иегері атанды

825

Астанада футболдан Қазақстан кубогының финалдық кездесуі өтіп, "Ақжайық" пен "Ордабасы" өзара мықтыны анықтады.

"Ордабасы" Қазақстан кубогының иегері атанды Фото: pflk.kz

Тартысты матч 5:4 есебімен шымкенттік клубтың пайдасына яқталды. 11-минутта оралдықтар 2:0 есебімен алға шықты. Голды Завен Бадоян (жетінші минут) пен Том Табатадзе (11-ші) соқты. "Ордабасы" 26-минутта Самат Шәмшінің күшімен есе қайтарды. Ал екінші таймда Всеволод Садовскийдің добы (51) есепті теңестіруге мүмкіндік берді – 2:2. Алайда, көп ұзамай Ақжайық тағы екі гол соқты. Гол авторлары Табатадзе (67) мен Илья Коваленко (73).

76-минутта "Ордабасы" Максим Фединнің қақпаға бағыттаған дәл соққысының арқасында есепті қысқартты – 4:3. Ал 98-минутта Луис Гуедес шымкенттіктерді жеңілістен құтқарып қалды – 4:4. Қосымша уақытта, 119-минутта пенальтиді голға айналдырған Эльхан Астанов "Ордабасыға" жеңіс сыйлады.

Осы орайда "Ордабасы" футбол клубының бас бапкері Қазақстан Кубогының финалдық ойынын қатысты өз пікірін білдірді.

"Эмоция қалмады. Ойын барысында бірде қарсыластар, бірде командамыз алға шығып, ойымыз сан саққа жүгірді. Соған қарамастан, қарсыласқа алғыс айтқым келеді. Мұндай жеңілісті қабылдау қиын. Қосымша уақыт эмоционалды және қарқынды өтті деп айта алмаймын. Өйткені біз жеңіске қол жеткізгіміз келді. Менің ойыншыларым соңына дейін оң нәтиже күткені үшін Құдайға шүкір. Кездесудің басында жіберілген голдар толқу мен тәжірибенің аздығынан деп ойлаймын", - деді Александр Седнев.

Матч аяқталған соң финалистер мен кубок иелерін марапаттау рәсімі өтті. Медальдар мен кубокты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов, ҚФФ бас хатшысы Олжас Абраев және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Рохус Шох табыс етті.

Осылайша Қазақстан кубогын екінші рет жеңіп алған "Ордабасы" 2023/24 жылғы футбол маусымында өтетін Еурокубок ойындарына қатысатын болды.

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться