"Ордабасы" Конференция лигасынан шығып қалды

832

Шымкенттік "Ордабасы" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Польшаның "Легиясымен" қарымта ойын өткізді.

"Ордабасы" Конференция лигасынан шығып қалды

Варшавада өткен кездесу 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Алдымен 18-минутта Павел Взолек есеп ашса, 42-минутта Юрий Рибейро есепті 2:0-ге жеткізді. Үзілістен кейін "Ордабасы" есепті қысқартып, Всеволод Садовский (57-ші) гол соқты. Алайда, 71-минутта Томаш Пекхарт Легияның екі доп айырмасын қалпына келтірді. 84-минутта "Ордабасының" қорғаушысы Сергей Малый есеп айырмасын тағы да қысқартқанымен, кездесу 3:2 есебімен аяқталды.

Алғашқы ойын Шымкентте өтіп, 2:2 есебімен аяқталды. Осылайша, "Легия" жалпы есеппен 5:4 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтсе, "Ордабасы" Конференция лигасынан шығып қалды.

Кездесуден кейін "Ордабасының" бас бапкері ойынға қатысты пікір білдірді.

"Қызықты ойынның куәсі болдық. "Легия" жақсы футбол көрсетті. Екі команданың философиясы әртүрлі. Трибунадағы атмосфера өте жақсы. Мен "Легияны" жеңісімен құттықтағым келеді және Еуропада сәттілік тілеймін. Бүгін біз тәжірибелі командадан жеңіліп қалдық", - Седнев баспасөз мәслихатында.

Бұл Қазақстанның еуропалық додадағы алғашқы жеңілісі. Бұған дейін швейцариялық "Базель" (3:1,1:2) мен кутаисилік "Торпедоны" (4:1,1:2) екі матчтың қорытындысы бойынша жеңген "Тобыл" мен "Ақтөбе" үшінші іріктеу кезеңіне шықты. Ал "Астана" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде загребтік "Динамодан" ұтылды (0:4,0:2). Елордалық клуб Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі ойынын жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу