"Ордабасы" көшбасшылығын нығайтты

576

ҚПЛ 19-тур ойындарынан кейін 45 ұпай жинаған шымкенттік клуб көш бастап тұр.

"Ордабасы" көшбасшылығын нығайтты

ҚПЛ 19-турының ойыны Қызылордада өтіп, қонақтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Бірінші таймның қорытындысы бойынша шымкенттік клуб ойыншылары 2:0 есебімен алға шықты. Алдымен 16-минутта Сергей Малый есеп ашты. Содан кейін 40-минутта Евгений Макаренко гол соқты. Дмитрий Бородин 66 минутта есеп айырмасын қысқартты. Бірақ 71-минутта Асхат Тағыберген "Ордабасыға" басымдылықты қайтарды. 75-минутта Василий Совпель есеп айырмасын қысқартты. Бірақ "Қайсар" ойыншылары есепті теңестіре алмады. Айта кетейік, 33 минуттан бастап алаң иелері он адаммен ойнады. Өйткені Бен Загре алаңнан қуылды. Осылайша 18 кездесуде 45 ұпай жинаған "Ордабасы" ҚПЛ-дағы көшбасшылығын нығайтты.

Премьер-лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының 19-туры аясындағы ойында "Қайрат" "Тобылды" жеңді. Кездесу Алматыда өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. "Қайрат" бесінші минутта-ақ Артур Шушеначевтің голының арқасында алға шықты. 12-минутта Йован Илич таразы басын теңестірді. Ал 43-минутта Швырев жеңіс голын соқты. Жеңіске жеткен "Қайрат" "Қызыл-Жарды" бесінші орынға ығыстырып, турнирлік кестедегі төртінші орынды қайтарып алды.

Ал 19-тур аясындағы матчта "Ақтөбе" мен "Ақсу" тең түсті. Кездесу Павлодарда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Фрэнк Ньянбо 36 минутта қонақтарды алға шығарды. Ал Дінмұхамед Қараман 57 минутта есепті теңестірді.

"Ақтөбе" жинаған ұпай саны бойынша "Астананы" қуып жеткенімен, қосымша көрсеткіштер бойынша турнирлік кестеде елордалық ұжымды басып озды. Қазір Андрей Карповичтің шәкірттері екінші орында және көшбасшы "Ордабасыдан" алты ұпайға артта келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу