Келер жылы "Ордабасы" құрамы жаңартылып, команданы жаңа жаттықтырушы баптайды. Шымкенттік клубтың басшылығы команданы айтарлықтай жасартуға шешім қабылдады. Биылғы маусымда "Ордабасы" командасының намысын жасы 30-дан асқан 10 ойыншы қорғады. Шымкенттік команданың қорғанысы лигадағы ең баяу ойыншылардан жасақталған және екі қапталда да мәселелер бар. Сонымен қатар жергілікті жас ойыншылар - Шайзада, Хаджиев және Астанов негізгі командаға қосылуға дайын.
Алайда, бұл барлық жасы отыздан асқан ойыншылар бірден кетеді дегенді білдірмейді. Командада мәртебесі бар футболшылар да жеткілікті. Олардың қатарында бұрыннан келе жатқан көшбасшы Абдуллай Диакате, бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло және аргентиналық қорғаушы Пабло Фонтанелло бар. Александр Симчевичтің командадан кететіні анық. Қалған ойыншылардың жағдайын жаңа бас бапкер бағалайды.
Кахабер Цхададзенің бас бапкер қызметінен кетуі іс жүзінде шешілген мәселе. Дегенмен клуб президенті Бақтияр Байсейітов бұқаралық ақпарат құралдарында бұл ақпаратты жоққа шығарды. Команда грузин маманынан жалықты, ал басшылық бұл қызметке қазірдің өзінде басқа жаттықтырушыларды, негізінен шетелдік жаттықтырушыларды қарастырып жатыр деген сөздердің шындыққа жанаспайтынын да айтты. Сондай-ақ "Ордабасы" басшысы басқа клубтарға кеткен Ғафуржан Сүйімбаев, Еркебұлан Тұңғышбаев және Темірлан Ерланов сияқты футболшыларды команда сапына қайтаруға ниетті екенін де жасырмады.
2020-жылғы Қазақстан Премьер-лигасы турнирі аяқталатын күн де алыс емес. Дегенмен ұлттық футбол үшін өте қиын осы маусымда кейбір командалар өздерінің алдында тұрған міндеттерді шешуді жалғастыруда. Олардың қатарында ұлттық чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда ең мықты дивизиондағы жүлдегерлер қатарынан шығып қалу қаупі төніп тұрған "Ордабасы" командасы да бар. Қазіргі таңда шымкенттік клуб 27 ұпаймен турнирлік кестеде 4-орында тұр.
Ермұхамед Мәулен