"Ордабасы" мен "Астана" өз алаңдарында жеңіске жетті

495

"Ордабасы" мен "Астана" 7 ұпайдан жинап, турнирлік кестеде алғашқы екі орынға жайғасты.

"Ордабасы" мен "Астана" өз алаңдарында жеңіске жетті Фото: Ордабасы ФК

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында қызылордалық "Қайсарды" қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Голдарды болгариялық шабуылшы Димитар Митков (13-минут) пен сербиялық қорғаушы Никола Антич (16-минут) соқты.

Бұл "Ордабасының" маусымдағы екінші жеңісі. Команда бұған дейін бір рет тең ойнап, әлі жеңіліс көрген жоқ. Ал "Қайсар" маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, бұған дейін екі матчта тең түскен еді.

Келесі турда, 5 сәуір күні "Ордабасы" өз алаңында "Атырауды" қабылдайды, ал "Қайсар" өз алаңында "Қызылжармен" кездеседі.

Сондай-ақ осы турда "Астана" өз алаңында қостанайлық "Тобылды" 2:0 есебімен ұтты. Кездесу Астанада өтті. Гол авторлары – Иван Башич (24-минут) пен Әлібек Қасым (66-минут).

Үш турдан кейін 7 ұпай жинаған "Астана" турнирлік кестеде бірінші орынға көтерілді. Ал "Тобыл" бір ұпаймен 15-орында қалып отыр.

Келесі турда "Тобыл" сырт алаңда "Елімаймен" ойнайды, ал "Астана" қонақта "Қайратпен" кездеседі. Екі матч та 4 сәуірге жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу