"Ордабасы" мен "Тараз" тең түсті

1508

Бүгін Қазақстан Премьер Лигасының 12-туры аясында 3 кездесу өтті.

"Ордабасы" мен "Тараз" тең түсті

Шымкенттік "Ордабасы" Премьер-лиганың 12 турында "Тараз" клубымен тең ойнады. Матч Талғардағы Ұлттық құраманың базасында өтіп, 1-1 есебімен аяқталды. Ойындағы алғашқы голды "Тараз" командасы соғып кетті. 56-минутта Зоран Бркичтің айып алаңының сыртынан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады. 76-минутта Жоао Паулоның қақпаға бағыттаған соққысын Виктор Дмитренко нәтижелі пасқа айналдырып, гол соқты.

Бұл матчтан кейін "Ордабасы" 18 ұпаймен үшінші орында тұр. Ал "Тараз" болса 12 ұпаймен сегізінші орынды ешкімге бермей тұр.

Қостанайлық "Тобыл" 12-турда талдықорғандық "Жетісудан" айласын асырды. Матч Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 2-0 есебімен аяқталды. Ойынның бірінші таймында гол көре алмадық. 53-минутта Сенин Себайдың сол қапталған асырған пасын Джаба Канкава голға айналдырды. Араға 6 минут салып Манзорро есепті еселеді.

Үш ұпай еншілеген "Тобыл" 20 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Өз қақпасына жауапсыз екі гол жіберген "Жетісу" 16 ұпаймен жетінші орында қалды.

Қызылордалық "Қайсар" Премьер-лиганың 12-турында көкшетаулық "Оқжетпесті" жеңе алмады. Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өткен кездесу 0-0 есебімен аяқталды. Бұл матчта гол көрмегенімізбен, 5 сары қағаздың куәсі болдық. Ойынның 89-минутында төреші "Қайсар" қорғаушысы Ілияс Әмірсейітовты алаңнан қуды.

Стойчо Младенов шәкірттері бұл ойыннан кейін 16 ұпаймен жетінші орынды сақтап қалды. Кезекті ұпайына қол жеткізген "Оқжетпес" 7 ұпаймен соңғы орында тұр.

 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу