"Ордабасы" Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында "Тұранмен" күш сынасты. Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен кездесу 1:2 есебімен түркістандық клубтың пайдасына шешілді. Ойынның 33-минутында Бекзат Қабылан есеп ашып еді, жеті минуттан кейін Олжас Керімжанов командасының екінші голын соқты. 47-минутта "Тұранның" жартылай қорғаушысы Олег Евдокимов қызыл қағаз алды. Осыны пайдаланған "Ордабасы" қорғаушысы Карам Сұлтанов есеп айырмасын қысқартты. 80-минутта Эльхан Астановта гол соғатын мүмкіндік болып еді, бірақ ол пенальтиді сәтсіз орындады.
"Ақсу" Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында "Мақтааралды" қабылдады. Матч Павлодардағы Орталық стадионда өтіп, 4:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Еркебұлан Тұңғышбаев хет-трик жасаса, Тони Сильва дебюттік голын соқты. "Мақтаарал" құрамында Жан-Али Пайруз мергендік танытты және Биллал Себаихи пенальтиден гол соқты. Кездесдуің 90-минутырда атакенттік клубтың жартылай қорғаушысы Одилжон Абдурахманов алаңнан қуылды.
"Атырау" Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында "Каспиймен" кездесті. Атыраудағы "Мұнайшы" стадионында өткен ойын 3:2 есебімен аяқталды.
Матчтың 18-минутында есеп ашқан хорватиялық шабуылшы Иван Пешич 51-минутта дубль жасады. Бірақ 59-минутта Юрий Завезён көзре түсіп, "Атырауға" үміт сыйлады. Ал алты минуттан кейін Андрия Филипович таразы басын теңестірді. 84-минутта "Атырау" шабуылшысы кездесудегі жеңіс голын соқты.
"Шахтер" Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында "Таразды" қабылдады. Матч Қарағандыдағы "Шахтер" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Ойынның 15-минутында "Тараздың" қорғаушысы Нұрдан Дайыров өз қақпасына гол соғып алды. Бұл автогол қарағандылық клубқа жеңіс сыйлады.
Ермұхамед Мәулен