"Ордабасы" жеңіліп, "Қайрат" қарымын көрсетті

1895

Қазақстан атынан жарысқа қатысқан қос клубымыздың бірі додадан шығып қалды. 

"Ордабасы" жеңіліп, "Қайрат" қарымын көрсетті

Шымкенттік "Ордабасы" Еуропа Лигасына іріктеу кезеңінің бірінші турында румыниялық "Ботошаниден" жеңіліп қалды.

Ойын Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті. Бірінші таймнан кейін 2:1 есебімен қонақтар алға шықты. 25 минутта "Ботошани" сапынан аустриялық қорғаушы Марсель Хольцман гол соқты. Шымкенттік клуб шабуылға шығып, таразы басын теңестірді. Зиги Бадибанга берген пасты Май Махлангу голға айналдырды. Бірақ, артынша шымкенттіктер гол жіберіп алды. 33-ші минутта хорватиялық шабуылшы Марко Дуганджич румыниялық клубта есепте алға шығарды. 

Одан бөлек, "Ордабасы" 12-минутта пенальтиді орындай алмады - сенегалдық жартылай қорғаушы Абдулай Диакатенің соққысын қақпашы Эдуард Пап қайтарды. Осылайша, келесі кезеңге румыниялық команда шықса, шымкенттік "Ордабасы" жарыс жолын бірінші кезеңнен аяқтады.

Сонымен қатар, Алматыдағы "Орталық" стадионда "Қайрат" Армения елінен келген "Ноа" клубымен кездесті. Сегізінші минутта "Ноа" күтпеген жерден есеп ашып кетті - ресейлік жартылай қорғаушы Кирилл Бор шеберлігімен ерекшеленді. "Қайрат" тез арада есін жид. 12-минутта Қырғызстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов гол соқты. "Қайрат" бірінші таймның соңында есепте алға шықты. 35-минутта 36 жастағы бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав алматылықтар үшін алғашқы голын соқты. Екінші таймда екі гол болды. 70-минутта Вагнер Лав дубль жасады, ал 94-минутта "Астананың" экс-жартылай қорғаушысы Денис Дедечко өз қақпасына гол соғып алды, бірақ бұл гол украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеоланың атына жазылды.

"Қайрат" келесі қарсыласын 31 тамызда білетін болады. Жеребе Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады, ал матч 17 қыркүйекте өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу