"Ордабасы" жеңіске жетті

2744

"Ордабасы" жалғыз голдың арқасында қарсыластарынан басым түсті.

"Ордабасы" жеңіске жетті

Қазақстан премьер-лигасының ойындары қайта жалғасқаннан кейін шымкенттік "Ордабасы" Ақтаудың "Каспийімен" кездесті .

Ойын бүгін, 21-тамыз Алматы қаласында Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Шымкенттіктер кездесудің айқын фавориті болды. Бірақ, ойын олардың қарсыластыраның шабуылынан басталды. Дегенмен, "Каспий" ұтымды сәттерді дұрыс пайдалана алмады. Нәтижесінде Кахабер Цхададзенің шәкірттері жеңіске жетті. Гол авторы бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Пауло. Ойынның 44-минутында Ұлттық құрама шабуылшысы Сергей Хижнеченко нәтижелі пас шығарып, Жоао оны голға айналдырды.

10 ұпай жинаған "Ордабасы" турнирлік кестеде 2-орынға көтерілді. Әзірге шымкенттіктер "Қайраттан" 2 ұпай артта келе жатса, "Астанадан" 3 ұпай алға озды. Бірақ алматылық команданың әлі бір кездесуі, елордалық клубтың үш кездесуі бар. Ал бес ойын өткізген "Каспий" барлығында да жеңіліс тапты.

Қазақстан премьер-лигасының ойындары 18-тамыз күні қайта жалғасқан болатын және сол күні "Ордабасы" "Жетісу" командасын 3:2 есебімен ұтқан еді. Ал "Каспий" "Қайратқа" 0:3 есебімен ұтылды. Әзірге барлық ойындар Алматы қаласында өтуде.

 

Ермұхамед Мәулен
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу