Бұған дейін Седнев "Белшина", "Динамо Минск", "Рух Брест" және қазақстандық "Ақтөбеде" жұмыс атқарған. Өткен маусымда қаңтар айында Седнев "Ордабасыны" баптаған болатын. Ол уақытта команда Қазақстан Премьер-лигасында 5-орынға тұрақтады. Оның жетекшілігімен шымкенттік клуб 32 матч өткізіп, он үшінде жеңіске жетті, тоғыз мәрте тең ойын өткізіп, он ойында жеңіліске ұшырады.
Естеріңізде болса, бір апта бұрын Бауыржан Абдубайтов "Ордабасы" клубының президенті болып бекітілген еді. Осы орайда "Ордабасы" футбол клубының президенті Александр Седневпен келісім-шартты ұзартуы жайлы пікір білдірді.
"Александр Седневпен келісім-шартқа отырарда біз бірнеше дүниеге мән бердік. Біріншіден, ол өзін жақсы маман ретінде ұсынды. Екіншіден, чемпионатқа дайындалуға уақыт аз қалды, ал ол біздің ойыншыларымыз жайлы барлық мәліметті білетін бірден-бір адам. Александр Сергейұлына клубтың қиын кезеңдерді бастан өткізіп жатқанын түсінгеніне алғысымды білдіремін жеке әңгіме барысында да оның біздің жергілікті клуб үшін уайымдайтынына көз жеткіздім. Біздің клубтың өмір сүру бағыттары жайлы барлық көзқарастарымыз сәйкес келді - қаржылық талаптардан бастап, команда мен жалпы клубтың өсу тұжырымдамасына дейін. Біз әлемдік футболдың дамытып жатқан жолымен жүргіміз келеді. Біз ортақ тіл табысып, келісім-шартқа отыру жайлы шешімге келдік.
Келіссөздер барысында клубтың даму жоспарын білетін, кез келген қиындыққа дайын және нәтиже көрсетуге қабілетті бапкерлік штабты қарастырғанымызды атап өткім келеді. Шарттың қаржылық талаптары жайында еш қиындық тумады, біз шымкенттік клубтың болашағы жайлы сөз қозғадық. Тағы да қайталап айтқым келеді, біздің көзқарастарымыз сай келіп, ортақ шешім шығардық, сол себепті де командада Александр Седневтің болғанын қаладық", – деді Бауыржан Абдубайтов.
Ермұхамед Мәулен