Сенімді дереккөз бойынша, Ормуз бұғазы арқылы тасымалданатын мұнай көлемі тәулігіне 10 миллион баррельден асқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шенеуніктің мәліметінше, мұнан бөлек тәулігіне тағы 5 миллион баррель мұнай балама бағыттар арқылы жеткізіледі.
Агенттік АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы басталғанға дейін Ормуз бұғазы арқылы күніне шамамен 20 миллион баррель мұнай тасымалданғанын да назардан тыс қалдырмады.
Осыған дейін Иранның Женевадағы БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Али Бахрейни Ормуз бұғазы коммерциялық кемелер мен халықаралық теңіз қатынасы үшін ашық екенін растаған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу