"Ормуз бұғазы бәріне ашық емес": Иран рұқсат алған елдерді атады

Бұл туралы Иран парламентінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Амир Хаят Могаддам айтып отыр.

"Ормуз бұғазы бәріне ашық емес": Иран рұқсат алған елдерді атады Фото: apa.az

Report агенттігінің жазуынша, Үндістан, Қытай, Ирак және Қатар туымен жүзетін кемелер Ормуз бұғазы арқылы кедергісіз өте алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қазіргі уақытта Үндістан, Қытай, Ирак және Қатар кемелерін Ормуз бұғазы арқылы өтуге қойылған шектеулерден босаттық. Бұл елдердің кемелері бұғаздан еркін өтеді, АҚШ та оларға кедергі келтірмейді, – деп атап өтті Иран өкілі.

Оның сөзінше, Қатар кемелері Ормуз бұғазы арқылы өткені үшін ақы төлемейді. Агенттікке арнайы сұхбат берген шенеунік мұны қалыптасқан жағдаймен байланыстырған. Тегеран шешім қабылдағанда тараптардың өзара мүддесін ескергені айтылады. 

Парламент өкілі Үндістан кемелерінің бұғаздан өтуіне жеңілдік жасаудағы мақсатын да жасырмады. Өйткені, осы елден дәрі-дәрмек импортын қамтамасыз ету жоспары бар. Ал Қытай кемелеріне берілген жеңілдіктер Бейжіңнің саяси қолдауына ие болу қадамынан жасалған. 

Иран шенеунігі Үндістан мен Қытай кемелерінен бұғаз арқылы өткені үшін ақы алынатынын растап, ал Қатар кемелеріне мұндай төлем қарастырылмағанын тағы да қайталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу