Бұл АҚШ-тың ядролық нысандарға жасалған соққысына байланысты қабылданған шешім, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұсынысты барлық депутат бірауыздан қолдады. Ал, соңғы шешімді Иранның ұлттық қауіпсіздігінің Жоғары кеңесі қабылдайды. Ормуз бұғазы жабылса, жаһандық мұнай тасымалының 20%-і бұғатталуы мүмкін. Ормуз бұғазы – Парсы шығанағына кіретін шағын су жолы. Ол арқылы күнде әлемде өндірілетін мұнайдың бестен бірі өтеді. Сауд Арабиясы мен Ирак мұнайы осы теңіз жолы арқылы тасымалданады.
Citigroup болжамына қарағанда, бірнеше ай көлемінде күніне шамамен 3 млн баррель мұнай тасымалы бұзылады. Мамандар Иран өндіретін мұнай экспортының тежелуі бағаға айтарлықтай қатты әсер етпейтінін болжап отыр. Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыстан мұнай 120 долларға дейін көтеріліп кетуі мүмкін екендігі айтылған.