Орта Азия елдерінің президенттері Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
1772

Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекет басшыларынан құттықтаулар қабылдауда.

Орта Азия елдерінің президенттері Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Қырғыз президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тараптар екі ел халықтарының тату көршілік және достық негіздегі қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін нақты айтты.

Сонымен қатар, президенттер алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен және Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен де телефон арқылы сөйлесті. Олар  Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді. Сондай-ақ тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты әрі қарқынды ілгерілету жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саясатын жалғастыратынын атап өтті.

Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылуы қазақ-өзбек қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенімділік білдірді.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу