Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құрылтай сайлауына дауыс беру қорытындысы:
- "Әділет" партиясы – 71,17%;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,11%;
- Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы – 1,07%;
- Қазақстан халық партиясы (ҚХП) – 3,11%;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,26%;
- Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 5,21%;
- Respublica партиясы – 5,56%;
- Барлығына қарсы – 2,51%.
Құрылтайға өту үшін партиялар сайлаушылардың кемінде 5 пайызының дауысын жинауы қажет болды.
Осы нәтижеге сәйкес, Құрылтайдағы мандаттар 5 партия арасында бөлінді:
- "Әділет" партиясы – 110 мандат;
- "Ауыл" партиясы – 10;
- Respublica партиясы – 9;
- "Ақ жол" партиясы – 8;
- ЖСДП 8 мандат алды.
Осылайша, Құрылтайдың 145 депутаты партиялық тізімдер бойынша сайланды. Айта кетейік, Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызда өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу