Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттарын сайлау кестесін бекітті

1553

 Сенатқа кандидаттар 900 мың теңге көлемінде жарна енгізуге тиіс.

Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттарын сайлау кестесін бекітті Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шаралары мен күнтізбелік жоспарын бекіту туралы, Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Парламент Сенаты депуттарының бір бөлігінің, өңірлерден сайланатын депуттардың өкілеттігі 2023 жылы аяқталатындықтан, Сенат депуттарының сайлауы Президенттің жарлығымен 14 қаңтарға тағайындалған болатын. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шаралары мен күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды ұсыну 29 қараша күні басталып, 14 желтоқсан күні 18.00-де аяқталады, яғни кандидат ұсыну 16 күнге жалғасады. 

Кандидаттарды тіркеу 29 қараша мен 24 желтоқсанға дейін, 26 күн болады. Сайлау алды үгіт-насихат науқаны 24 желтоқсаннан бастап, 13 қаңтарға дейін жалғасады 19 күн болады. 13 қаңтар Тыныштық күні. 14 қаңтар сайлау. Қаңтар айының 20-сына дейін Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарады. 

Сенатқа кандидаттар 15 айлық есептік көрсеткіш, яғни 900 мың теңге көлемінде жарна енгізуі тиіс. 

Сайлаушылардың 50%-нен астам дауысын жинаған кандидат сайлауда жеңіске жетті деп саналады. Сайлау туралы Конституциялық Заң талаптарына сәйкес, Сенатқа кандидаттар Мәслихат депутаттары және үміткер өзін-өзі ұсынуы арқылы ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу