Өртті ерте анықтайтын жүйе утиль алым қаржысы есебінен орнатылуы мүмкін

420

Жергілікті атқарушы органдар өртті ерте анықтау жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ.

Өртті ерте анықтайтын жүйе утиль алым қаржысы есебінен орнатылуы мүмкін Фото: саnva.com

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өртті ерте анықтау жүйелерін қаржыландыруды утильалым есебінен жүзеге асыруды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің дерегінше, биыл қолданыстағы өртті ерте анықтау жүйелері Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарысты басқару орталығына қосылды. Алдағы уақытта жүйелерді республика бойынша енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 

"2025 жылға "Семей орманы" резерватында жүйені орнатуға бюджеттік өтінім қолдау тапты. Әкімдіктер өртті ерте анықтау жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ. Осыған байланысты еліміздің жиі өртке шалынатын Ақмола, Қостанай, Павлодар, ШҚО және Қарағанды облыстарында бұл жұмысты белсенді жүргізу қажет. Өртті ерте анықтау жүйелерін қаржыландыруды утильалым есебінен қайтарымды негізде жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын", - деді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

Өрт кезінде жедел шешімдер қабылдау мақсатында министрліктің республикалық диспетчерлік қызметі Астана қаласына көшіріліп, Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығына орналастырылды. 

"Кезекшілік тәулік бойы жүргізіліп отыр. Министрліктің алгоритміне сәйкес, Дағдарыс орталығына және орман мекемелеріне Қазгидрометтен метеодеректер автоматты режимде беріледі, осы деректер негізінде еліміздегі өрт қауіпсіздігі классы мен индексі анықталады", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу