Орынсыз қалжыңдап, опық жеген Черчесов өз әрекетіне байланысты алғаш рет пікір білдірді

913

Бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тіліне қатысты сөйлеген сөзі үшін айыппұл арқалаған болатын.

Орынсыз қалжыңдап, опық жеген Черчесов өз әрекетіне байланысты алғаш рет пікір білдірді Фото: life.ru

Ол ресейлік "Спорт-экспресс" басылымына берген сұхбатында өзінікі дұрыс болмағанын мойындады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Әр кез ел алдына шығып, сөйлеген кезімде не туралы айтып жатқанымды өзім жақсы білемін. Егер олар менің қалжыңымды дұрыс түсінбеген болса, демек, менікі дұрыс емес", – деді Черчесов.

Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстанның Ұлттар лигасы аясында өз алаңымызда өткен Словениямен кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында ПСЖ жейдесін киген журналистке "французша сөйлеп тұрсың ба?" деп жөнсіз әзілдеген. Оған осы әрекеті үшін 200 АЕК немесе 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу