Өскемендегі Титан магний комбинаты орналасқан шағын ауданды түтін тұмшалап кетуіне байланысты тексеру жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәселе ШҚО әкімдігінің бақылауына алынған.
"Мамандар барлығы 8 жерден 144 ауа сынамасын алды. Сынамаларға 18 түрлі зат бойынша сараптама жасалды. Олардың ішінде хлор, тұз қышқылы, күкірт диоксиді, формальдегид, аммиак, қорғасын секілді зиянды элементтер болды. Сағат 21:44-ке дейін жүргізілген зерттеу нәтижесінде, бірде-бір заттың шекті мөлшерден аспағаны анықталды. Бұл мәліметтер облыстық Экология департаментіне жолданды", - деп хабарлады ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу