Өскеменде Храпуновтың иелігіндегі "жаппай жерлеу орны" мемлекетке қайтарылды

619

Жерді бұрынғы шенеунік заңсыз алған. 

Өскеменде Храпуновтың иелігіндегі "жаппай жерлеу орны" мемлекетке қайтарылды Фото: Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметінен

Өскеменде Ертіс өзенінің жағасында азамат соғысы кезеңінде жаппай жерлеу орны болған учаске бар. Бұл аумақ Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ШҚО-ның бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың компаниясы иелігінде болған екен. Биыл учаске мемлекетке қайтарылды. 

"Заңсыз алынған жерді прокуратурамен бірге мемлекет иелігіне қайтардық. Аумақ Виктор Храпунов үлестес тұлға болған "AutoExclusiveKZ" компаниясының меншігінде болған. Меншік иелері стандартқа келмейтін құрылыс салуды көздеген", – деп хабарлады Өскемен әкімі Жақсылық Омар.

Айта кету керек, жер учаскесінде азамат соғысында кеңес үкіметін орнатуға қатысқандар жерленген. Ескерткіш қаланың дәл ортасында орналасқан. Қала әкімінің айтуынша, оның қасынан Ертіс көпірінің астымен өтетін айналма жол салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу