Өскеменде жаяулар көпірін салуға 400 млн теңге бөлінбек

796

Тұрғындар бұл жолдан үш жылдан бері жаяу өте алмай келеді.

Өскеменде жаяулар көпірін салуға 400 млн теңге бөлінбек Фото: Фото: ratel.kz

Өскемендегі ең үлкен даңғыл - Қаныш Сәтпаевтың бойында жаяулар көпірі салынбақ. Осыдан үш жыл бұрын бағдаршамы алынып тасталған бұл жерден (облыстық драма театрдың алды - ред.) халық жолды кесіп өте алмай қалған еді. Әкімдік тұрғындардың толассыз шағымынан соң көпір салып бермек, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Көпір салуға қазынадан кем дегенде 400 миллион теңге жұмсалады. Мемлекеттік сатып алу порталында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тендері пайда болды. Мердігер мекеме енді анықталады.

2020 жылы жаяуларға арналған бағдаршам алынғанда театр көрермендері мен сауда орталықтарының қызметкерлері наразы болған. Театр актерлері де наразылық білдірген. Бірі сауда жасаушылар азайды десе, екіншісі көрермендер жолдан өту үшін бір шақырым жерді айналып келеді деген болатын. 

Осылайша, жаяулардың жағдайы үш жыл кешігіп барып қайта түзелмек. Бірақ бұл үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу