Құрлықтық кубокта топтағы алғашқы матчта қазақстандық команда даниялық "Хернинг Блю Фокс" клубын 6:2 есебімен ойсырата жеңді.
Шайбаларды қазақстандық хоккейшілер Дмитрий Гренц, Михаил Рахманов, Максим Мусоров, Илья Кляузов соқты. Ал шабуылшы Никита Колобов дубль авторы атанды.
"Торпедо" "В" тобында "Хернингтен" бөлек, француздың "Анже" командасымен бақ сынайды. Алғашқы матчта француздар "Хернингке" 1:4 есебімен жол берген. "Торпедо" "Анжемен" 16 қаңтар күні кездеседі. Топ жеңімпазы бірден финалға шығады.
16 қаңтар, 19:30 – "Торпедо" – "Анже Дакс"
Айта кетейік, "Арлан" өткен маусымдағы Құрлықтық кубоктың финалдық кезеңіне қатысудан бас тартқан. Сондықтан халықаралық федерация шешімі бойынша биыл Өскеменнің "Торпедо" командасы жарысқа қатысуда.