Өскеменнің трамвайлары әкімдіктің иелігіне өтпекші

3266

"Өскемен қалалық трамвай паркі" ЖШС банкрот саналып, мүлкі қалалық әкімшілікке қарасты кәсіпорынға тапсырылмақшы.

Өскеменнің трамвайлары әкімдіктің иелігіне өтпекші

14 қаңтар күні ШҚО-ның мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында (МАЭС) атауы өңір түгіл сырт аймақтарға да танымал "Өскемен қалалық трамвай паркі" ЖШС-ның банкроттығына қатысты іс бойынша тыңдау өтпек. Кәсіпорынды банкрот деп тану жөнінде сот органдарына тиісті өтінішті "Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" РММ берген болатын. Ведомствоның мәліметіне сүйенер болсақ, кәсіпорын тек мемлекетке өзіне салық пен өсімақы бойынша 100 млн-нан астам қарыздар. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сайтындағы мәліметтерде Шығыс Қазақстан облысының әртүрлі кәсіпорындары мен құрылымдары "Өскемен қалалық трамвай паркі" ЖШС-мен бір жыл бойы соттасқаны айтылған. Жауап беруші, әдеттегідей, сотқа келген жоқ. "Өскемен жылу желісі" АҚ-ның әртүрлі кезеңде жылумен қамту келісімшарты бойынша берген үш талап-арызының негізінде кәсіпорыннан 1,9 млн теңге, 2,3 млн теңге, 482 мың теңгеден артық ақша өндіріп алынған. Ал ҚР еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаментінің берген талап-арызы бойынша "Өскемен қалалық трамвай паркі" ЖШС-ы мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп танылды.

Алайда, "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ-ның жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Айжан Рахымбаева abctv.kz сайтына берген сұхбатында мұндай даулар трамвайлардың жұмысына әсер етпейтінін айтты.

"Қазір трамвайлардың қозғалысын қалалық әкімдіктің басқаруындағы басқа кәсіпорын – "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС-ы ұйымдастырып отыр, – деді ол. – Заңды тұлға – "Өскемен қалалық трамвай паркі" ЖШС-ын банкрот деп тану рәсімі трамвайлар қозғалысын ұйымдастыруға әсер етпейді".

Трамвай кәсіпорнының басындағы жағдай туралы abctv.kz бірнеше рет хабарлаған болатын. Өткен жылдың күзінде Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов жиналыстардың бірінде трамвай паркін аукционда сатып алғаннан кейін иесі болған "Ертіс" ӘКК сенімгерлікпен басқару келісімшартын жасаған "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС үшін жалдау ақысын айтарлықтай өсіріп жібергенін сөз еткен болатын. Сонымен қатар облыс әкімі "трамвай паркінің кірістілігі бір миллион теңгеден аспайды, ал ӘКК жалға беру үшін 80 млн теңге талап еткенін" айтты. Біраз уақыт өткеннен кейін облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының кейбір БАҚ-тарда облыс басшысының сөзін нақтылап, "Ертіс" ӘКК жалға беру құнын жылына 60 млн теңге деп белгілегенін, ал трамвай паркінің кірістілігі айына бір миллион теңгеден аспайды-мыс дегені бар.

ШҚО-ның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтанов және Өскемен қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руфат Акрамов abctv.kz-тың ресми сауалда келтірілген сандарды нақтылау туралы өтінішімізді ескермегенімен, "Ертіс" ӘКК-ге мүлікті жалдау ақысы үшін төлем жүргізілмейтінін атап өтті. Ал мұның себептерін қалалық ведомстволар айтып берді.

Руфат Акрамовтың ақпарынша, "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС-ның жұмысын жасқарту үшін облыс әкімі Даниал Ахметовтың берген тапсырмасы бойынша Өскеменнің трамвай паркін оңалтудың жұмыс бағдарламасы әзірленген. Бұл бағдарлама 2018-2020 жылдарға есептелген және ол трамвай паркінің мүлкін қазіргі көлік компаниясына тапсыру, техникалық көмек және инфрақұрылымды жаңғырту сияқты үш кезеңнен тұрады.

Руфат Акрамовтың келтірген мәліметтеріне мән беретін болсақ, атқарушы органдар трамвай жолдарын жөндеу мен ұстап тұруға кететін соманы есептеп, сондай-ақ "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС-мен бірге қандай жабдық сатып алу керек немесе жөндеу қажеттігін анықтау үшін жұмыс көлемінің ақауын іздеп жатыр. "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС-ы болса өз жұмысын әдеттегі тәртіппен жалғастыруда.

Жаңа трамвайлар сатып алынуы мүмкін бе деген аbctv.kz-тың сауалына жауап берген ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілер тап қазір сатып алу жоспарда жоқ екенін айтты. Сонымен қатар Алматыдан әкелінген вагондарды күрделі жөндеу мәселесі әзірге қарастырылып отырмағанын мәлім етті. Сұлтанов барлық жұмыс ТҚ-2 көлемі аясында атқарылып жатқанын айттты.

Ведомстволар ай сайынғы жолаушылар ағыны мен жол жүру билеттерінің құнын таратып айтып берді. Олардың қолында бар ақпарат бойынша, Өскеменде үш бағытқа қызмет көрсету үшін жұмыс күндері айналымға 16 вагон, ал демалыс күндері 12-14 вагон шығады. Ересектер үшін жолақы 65 теңге, ал балаларға 30 теңге. Жұмыс күндері трамвайлардағы жолаушылар ағыны 16 мың, сенбі күні 13 мың, ал жексенбі күні 9 мың адамды құрайды.

Ольга Ушакова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу