Отандасымыз Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жеңіс тұғырына көтерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл жөнінде спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады.
– Құрметті достар! Сіздерге Миланнан сәлем жолдаймын. Маған қолдау көрсеткен барша отандастарыма ризашылығымды жеткізгім келеді. Сондай-ақ, біздің дайындығымызға ерекше қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Еліміздің мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Бауыржан Ералыға кейінгі жылдары аталған спорттың дамуына сіңірген еңбегі үшін рахмет айтамын. Шын жүректен жарысқа дайындық барысында жауапты және ауыр кезеңде қасымда болған мамандар мен бапкерлерге ризашылығымыз шексіз. Менің жарысқа қатысуым барысында трибуна мен көгілдір экран арқылы қолдау көрсеткен барша қазақстандықтар мен жанкүйерлерге ризашылығымды жеткізгім келеді. Сондай-ақ, маған әлеуметтік желі арқылы қолдау білдірген азаматтар аз болған жоқ, – деді Михаил Шайдоров.