Отандық ет өнімінің экспорты екі жылда 50% өсті

178

Ұлттық стандарттар қолданылады.  

Отандық ет өнімінің экспорты екі жылда 50% өсті Фото: eldala.kz

Қазақстандық ет өнімінің экспорты екі жылда 50 пайызға өсіп, шамамен 170 миллион долларға жетті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің айтуынша, ұлттық стандарттар отандық өндірушілерді қорғау үшін қолданылады.

"Жаңа стандарттың арқасында цемент өнімінің өндірісі бір жарым есеге артты. Дәл осындай жұмыс тас өңдеу, панельдер мен полимерлік құбырлар бойынша жүргізілді. Аграрлық секторда "Халал" стандарттарды енгізе отырып, отандық ет өнімінің экспорты екі жылда 50 пайызға өсіп, шамамен 170 миллион долларға жетті", – деді Арман Шаққалиев.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан ең қажетті өнімдермен ішкі сұранысты толық қамтып отырғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу