Отандық көліктер импортты ығыстырып жатыр

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
19712

Сатылып жатқан көліктің жартысынан көбі отандық өнім.

Отандық көліктер импортты ығыстырып жатыр

Автокөлік өндірісі екінші жыл қатарынан қарқын қосып келеді. 2014 жылдан басталған экономикалық дағдарыстан кейін сол жылы елдегі автокөлік өндірісі жылына 36,2 мың көлікке, 2015 жылы – 12,2 мың, 2013 жылы 5,2 мың көлікке дейін құлдырап кеткен еді. Дегенмен, 2017 жылы көрсеткіш бірден 16,8 мың көлікке өссе, былтыр көрсеткіш 30 мыңға жетті.

Ал 2019 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша, қазақстандық автоөнірушілер 5,6 мың көлік шығарып, былтырғы көрсеткіштерін 34,6% ұлғайтты.

Соның ішінде шығарылған көліктердің 65,2%-ы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Бұл өңір биыл екі айда 3,6 мың көлік өндіріп, көрсеткішті 32,6% арттырған.

Өскемендегі "Азия Авто" АҚ 2019 жылы зауыттан 30 мың жеңіл көлік шығаруды жоспардап отыр. Атап айтқанда зауыт Volkswagen Group, General Motors, Renault-Nissan-АвтоВАЗ және KIA Motors концерндерімен бірлесе отырып LADA (Granta, Vesta, Xray, Largus, Kalina, 4×4), ŠKODA (Octavia, Rapid, Superb, Yeti, Kodiaq), Chevrolet (Aveo, Captiva, Cruze, Tracker), KIA (Rio, Cerato, Optima, Cadenza, Quoris, Picanto, Soul, Sportage, Sorento, Mohave) көліктерін шығарады.

Өскеменде бұдан бөлек 2020 жылы 500 гектар жерге ірі автокөлік зауыты салынады. Зауыт жылына 120 мың көлік шығарады деп күтілуде. Бастапқы кезде зауыт өндірісі жылына 60 мың көліктен бастамақ. Аталған келісімнің 2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен "Азия Авто" АҚ басшылығы арасында жасалғаны белгілі. Дегенмен, 2014-2016 жылдағы дағдарыстың кесірінен зауыт құрылысы кейінге қалып, қазір қайта қолға алынуда.

Өскеменнен кейін республика бойынша автокөлік өндірісі дамыған аймақ Қостанай облысы. Былтыр Қостанайда 1,9 мың көлік шыққан. Көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 38,6% артық.

Облыстағы "Сарыарқа Авто Өндіріс" ЖШС дәнекерлеу, сырлау және шанақтарды құрастырудың өндірістік талаптарына жауап беретін республика бойынша жалғыз зауыт. Бұл зауыттан JAC, Peugeot, IVECO, ANKAI, Hyundai, Ravon, Chevrolet Niva көліктерінің шығатыны белгілі. Ал дилерлік орталықтар республиканың барлық аймағаныда бар.

Жалпы, 2019 жылдың қаңтар айы қорытындысы бойынша, жеңіл автокөлік сегментіндегі қазақстандық өнім үлесі былтырғы 50,6%-дан биыл 61,2%-ға жетті. Ал импорт үлесі 49,4%-дан 38,8%-ға азайған.

Сатылым көрсеткіші бойынша отандық көліктер ең көп сатылған зауыттар көшбасшысы "Азия Авто" АҚ. Компания 3063 көлік сатқан. Бұл сатылған отандық автокөліктер санының 62,5%-ы. Одан кейінгі орында "Сарыарқа Авто Өндіріс" ЖШС 1638 көлік сатыпты (отандық көліктер сатылымынң 33,4%-ы). Одан кейінгі орындарда "СемАЗ" ЖШС (102, 2,1%), "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ (55, 1,1%), "Hyundai Trans Auto" ЖШС (28, 0,6%) және "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС (12, 0,2%).

Көлік маркасына тоқталар болсақ, ақпан айында сатылған әрбір екінші көлік LADA брендіне тиесілі. Ал үш көліктің екеуіне "Азия Авто" АҚ зауыты шығарған. 

Сұранысқа ең көп ие бестіктің қатарында Lada-дан (2260 көлік) бөлек , Hyundai (1469), KIA (602), Chevrolet (126) және Skoda (102) бар.

Өндірістің артуы ел экономикасының өсіміне де үлес қосып келеді. Автокөлік өндірісінің ел экономикасы өсіміне қосқан үлесі 47,2% көбейген.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу