Отбасы банкінің 170-тен астам салымшысы Тараз қаласында қоныс тойын тойламақ

1911

Тараз қаласындағы "Ұлы дала" шағын ауданынан көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жаңа пәтерлерінің кілттерін алды. 

Отбасы банкінің 170-тен астам салымшысы Тараз қаласында қоныс тойын тойламақ Фото: Отбасы банк

Үйлерді қоныстанушыларға қала әкімдігі салып берді. Жаңа пәтерлер таза әрлеуде, 1 шаршы метріне 160 000 теңгеден сатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бағдарлама қатысушыларын қоныс тойларымен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, қала әкімі Бақытжан Орынбеков пен "Отбасы Банк" АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов құттықтады.

- Әрқайсымыз үшін жаңа, ең бастысы, өзіміздің жеке пәтірімізге көшу - өмірдегі аса маңызды әрі қуанышты оқиға. Пәтерлеріңізде балалардың күлкісі жиі естіліп, іші жылулық пен жайлылыққа толы болуына тілектеспін. Бүгінгі таңда Отбасы банк "2-10-20" бағдарламасы бойынша 16 мыңнан астам қазақстандық отбасына жеке баспана алуға көмектесті. Бағдарламаның болашақ қатысушылары үшін жақсы жаңалығымыз бар. Биыл банкке республикалық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді. Бұл басқа қатысушылар да 2 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие ала алады деген сөз. Жақын арада жаңа өтінімдерді қабылдау басталады, оны қосымша хабарлаймыз, - деп түсіндірді "Отбасы Банк" АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға қабылданған тұжырымдамасына сәйкес, "2-10-20" бағдарламасының шарттарына өзгерістер енгізілді. Енді баспана кезегінде тұрған "жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар", сонай-ақ "I және II топтағы мүгедектер" аталмыш бағдарламаға қатыса алады.

Жыл басынан бері Жамбыл облысында жылжымайтын мүлік алу мақсатымен тағы 5400-ден астам өңір азаматы жаңа депозит ашты.

 Анықтама үшін: сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2%-дан аспайтын әлеуметтік кредиттік тұрғын үй бағдарламасы табысы төмен отбасыларға кредит беруге арналған. Бұл  санаттағы азаматтар үшін бастапқы нарықтан тұрғын үй сатып алуға (жергілікті атқарушы органдардың пайдалануға берілген әлеуметтік кредиттік тұрғын үйі) жылдық 2% пайыздық мөлшерлеме бойынша (ЖТСМ 2,1%-дан басталады), 10% алғашқы жарна енгізген кезде (тұрғын үй сертификаттарын пайдалануға болады) кредит берудің жеңілдікті талаптары қарастырылады. Заем беру мерзімі – 20 жылға дейін.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу