Отбасы мүшелеріне зорлық-зомбылық көрсеткендер жол құрылысына жегіледі

1888

Ішкі істер министрлігі отбасылық зорлық-зомбылықпен күресу әдістерін белгіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Марат Ахметжанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Отбасы мүшелеріне зорлық-зомбылық көрсеткендер жол құрылысына жегіледі

"Отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында тұрған адамға қатысты қосымша саралау белгісін енгізу қажет. Осы саладағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қамауға алу мерзімінің төменгі шегін бес тәуліктен бастап белгілеу, сондай-ақ қайта құқық бұзушылықтар бойынша қамауға алу мерзімін 25 тәулікке дейін ұлғайту жоспарлануда", – деді ол.

Бұдан басқа, тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің өтінімдіктен анықтау сипатына көшу болжанып отыр. Сондай-ақ сотта тараптардың татуласу рәсіміне қойылатын талаптарды қатаңдату, атап айтқанда, құқыққа қарсы іс-әрекетті қайта жасаған кезде мұндай құқықты алып тастау қажет.

"Бұл сондай-ақ зардап шеккендерге психологиялық қысым көрсетудің қатал тәжірибесін тоқтатуға мүмкіндік береді", – деді ІІМ басшысы.

Сонымен қатар ведомствода "ескерту" әкімшілік жазалау шараларын қоғамдық жұмыстарға ауыстыру мәселесі пысықталуда – бұл көшелерді, қоғамдық аумақтарды тазалау, жолдарды салу және жөндеу, қала аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру, сондай-ақ басқа да әлеуметтік пайдалы жұмыстар.

"Жазаның бұл түрі ықтимал бұзушыларды өзінің мінез-құлқын бақылауға барынша тиімді ынталандырады", – деп атап өтті Ахметжанов.

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу